drivli.

Оқушылар мен топтар

Оқушы мәртебелері: нені білдіреді және қалай ауыстыру керек

Заявка → Теория → Теория сдана → Практика → Практика сдана → Выпустился. Немесе Отчислен. Мәртебе карточкада, тізім жолындағы «⋮» арқылы немесе белгіленгендердің бәріне бірден ауыстырылады.

Жеті мәртебе

  • Заявка (өтінім) — байланыс бар, оқуды әлі бастаған жоқ. Жаңа оқушылар, файлдан жүктелгендер және CRM-нен ауыстырылғандар осы мәртебемен келеді.
  • Теория — ПДД сабақтарына барады.
  • Теория сдана (теория тапсырылды) — теория бойынша ішкі емтихан жабылды.
  • Практика — нұсқаушымен көлік айдайды.
  • Практика сдана (практика тапсырылды) — көлік жүргізу бойынша ішкі емтихан жабылды.
  • Выпустился (бітірді) — оқу аяқталды.
  • Отчислен (шығарылды) — оқуды бітірмей кетті.

Тізімнің үстіндегі кезеңдер

«Ученики» бөлімінде кестенің үстінде сандары бар «Все», «Теория», «Практика», «Экзамен», «Выпустились» таблеткалары тұр. Кезең бірнеше мәртебені жинайды: «Теория»-да — «Теория» мен «Теория сдана», «Экзамен»-де — «Практика сдана».

«Заявка» мен «Отчислен» «Все» ішінде көрінеді. Немесе іздеудің оң жағындағы сүзгі батырмасы арқылы: онда кез келген мәртебені бір-бірден, әрі санатты белгілеуге болады.

Бір оқушыға ауыстыру

  • Тізімде: жолдың соңындағы «⋮» → «Сменить статус» → керектісі. Бірден сақталады. Телефонда бұл мәзір жоқ — тек карточка арқылы.
  • Оқушы карточкасында: «Профиль» қойындысы → «Статус» өрісі → төмендегі «Сохранить».

Көпшілікке бірден ауыстыру

  1. Оқушыларды құсбелгімен белгілеңіз. Кесте тақырыбындағы құсбелгі бүкіл бетті белгілейді — 25 адам.
  2. «Выбрано: N» панелі шығады.
  3. «⋮» (басқа әрекеттер) → «Статус» блогы → керекті мәртебе.
  4. Drivli сұрайды: «Сменить статус у N учеников?» — және қазір қандай мәртебелер тұрғанын көрсетеді. «Сменить у N» — дайын.

Белгіленгендердің нұсқаушысын немесе санатын ауыстырар алдында және сынама емтихан тағайындар алдында да Drivli осылай қайта сұрайды.

Оқудан шығару үшін панельде бөлек қызыл «Отчислить» батырмасы бар. Drivli қайта сұрайды. Мәртебені ауыстырып, қайтаруға болады.

Оқушылар тізімінің үстіндегі «Выбрано: 3» панелі
Оқушылар тізімінің үстіндегі «Выбрано: 3» панелі

Бүкіл ағынды топ карточкасынан ауыстырады: «Ученики» қойындысы → құсбелгілер → «Сменить статус», Drivli мұнда да қайта сұрайды. Толығырақ — топтар.

Әр ауыстыру оқушы карточкасының «История» қойындысына түседі — Статус: «Теория» → «Практика» түріндегі жазба, кім және қашан ауыстырды.

Бітіргеннен кейінгі кабинет

«Выпустился» немесе «Отчислен» қойдыңыз — 30 күннен кейін оқушы жеке кабинетке кіре алмайды және көлік жүргізуге жазыла алмайды. Бұл мерзім түлек шарт пен құжаттарды жүктеп алып үлгеруі үшін керек.

Мерзімді «Настройки → Реквизиты школы» бөлімінде, «Кабинет ученика после обучения» блогында өзгертеді: бірден, 7, 30 немесе 90 күннен кейін, не мүлде жаппау. Кабинет қашан жабылатыны оқушы карточкасының жоғарғы жағында көрінеді. Оқу мәртебесін қайтардыңыз — кабинет қайта ашылды.

Free лимиті

Free-де — 20 белсенді оқушы. Белсенділер — төрт оқу мәртебесі: Теория, Теория сдана, Практика, Практика сдана. Өтінімдер, бітіргендер және шығарылғандар орын алмайды. Қаншасы бос емес екені «Ученики» бөлімінің тақырыпшасында көрінеді: «12 активных · лимит тарифа — 20».

Өзіңіз байқап көресіз бе?

21 күн тегін, банк картасынсыз.